Жастар саясаты туралы заңнамаға қатысты өзгертулерді талқылайтын ресми сайт
Қымбатты достар!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті және «Жастар Мәжілісі» Республикалық қоғамдық бірлестігі жастарға арналған бірқатар заңдарды талқылау және ұсыныстар жіберу үшін арнайы сайт ашты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуге кірісті.
Осыған орай, осы сайт арқылы Сіздер заң жобасына өз ұсыныстарыңызды жіберіп, оны талқылап және өз ойыңызды еркін жеткізе аласыз. Біз жаңа идеяларды тыңдап, әрбір Қазақстандықтың ұсыныстарын қабылдауға дайынбыз.
Сайт жастарға өте пайдалы және заң жобасын талқылау үшін жас адамдарды көптеп тартуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.